«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЗИРАТ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Аудан әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы бөліп өтті. Отырыстың күн тәртібінде ауданның діни ахуалы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, Жем қаласының дамуы туралы мәселелер қаралды.

Ауданның діни ахуалы туралы баяндама оқыған Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың директоры Әділет Маусымов бүгінде өңірде діни ахуалдың тұрақты екенін атап көрсетті. Жиын барысында аудандық кеңестің төрағасы ШамшатӘбдірзақов Қандыағаш қаласының ішінде орналасқан зираттар мәселесін көтерді. Бұл мәселе осыған дейін «Мұғалжар» газетінің өткен сандарында көтеріліп, «Өмірден өткендер енді қайда жерленеді?..» тақырыбында мақала жарияланған болатын. Мақалада қала аумағын дағы зираттарға толығымен тоқталып, қала ішінде «қалаға» айналған бейіттерді жабу мәселесі кеңінен талқыланған еді. Осыны назарға алған кеңес төрағасы Ш.Әбдірзақ кеңес мүшелеріне аталған мәселені ұсынып, шешу жолдарын қарастыру қажеттігін айтты. Қала әкімдігіне зиратқа қажетті ыңғайлы жер қарастыру қажеттігін тапсырды.

Отырыста сөз алған аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ғ.Дәрімбетов бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының арқасында көптеген жастардың жұмысқа орналасып, шағын кәсіпкерліктің дамып келе жатқанын жеткізді. Жем қаласының дамуына тоқталған қала әкімі Жұматай Бисенов болса, қазіргі таңда қалада 1479 тұрғын тұратынын мәлімдеді. Оның 849-ы еңбек етуге қабілетті жандар екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, Жем қаласында жұмыссыздық деңгейі 1 пайызды құрайды. 22 мүгедек, 97 зейнеткер, 38 адам бала күтімімен отыр. Ал 68 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер екенін тілге тиек етті қала әкімі.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ҚҰМСАЙ АУЫЛЫНА ТЕЛЕМҰНАРА ОРНАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды

admin_mugalzhar

ҚАЛА СЫРТЫНА 3000 ТҮП ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.