«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: PFIZER ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ

Әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясының бетін қайтару оңайға соқпай тұр. Бұл вирус уақыт өткен сайын түрлі мутацияға ұшырап жатыр. Әлем ғалымдары да дәл осы ауруға тек қана екпе қарсы тұра алатынын айтып, дабыл қағуда. Аудан аумағындағы ауруханалардың дерегі бойынша, осы уақытқа дейін 35 мыңға жуық мұғалжарлық індетке қарсы екпе салдырған. Ендігі кезекте — ревакцинациялау, яғни жаппай қайта екпе алу. Қазіргі таңда жаһан елдері ревакцинациялауды бастап та кетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та үкіметке халықты коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау науқанын бастауды тапсырған болатын. Осыған орай елімізде қараша айынан бастап ревакцинациялау және жасөспірімдер мен жүкті және емізулі баласы бар әйелдерді вакцинациялау жүзеге асырылуда. Аталған жаппай қайта вакцинациялау мен Pfizer екпесіне қатысты екпе жұмыстарының аудан аумағында қалай жүргізіп жатқандығы туралы газеттің инста парақшасында Мұғалжар аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Радина ИРЖАНОВАМЕН сұхбаттасқан болатынбыз. Төменде эфирдің жазбаша нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

«mugalzhar.gazeti»: Бүгінгі таңда елде жасөспірімдер мен жүкті және емізулі баласы бар әйелдер вакцинацияланып жатыр. Оларға Еуропа елдерінде жасалған «Pfizer» вакцинасы салынуда. Бұл вакцина қауіпсіз ба?

— «Pfizer» компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркелген. Жалпы «Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген.

«mugalzhar.gazeti»: Жасөспірімдерге індетке қарсы екпе салу жұмыстары мектептерде жүргізіледі деп айтылуда. Осы орайда мектептерде қауіпсіздік жағдайлары қаншалықты қамтамасыз етілген?

— Иә, балаларға екпе салу жұмыстары мектептерде жүргізіледі. Себебі мектеп салауатты орта болып табылады. Бұл жерде КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал нау қастармен қарымқатынасты болдырмайды, оқушылардың психоэмоционалдық қабылдауы таныс ортада жеңіл өтеді. Сонымен қатар өз баласына екпе салдыру үшін жұмысынан сұранып, емханаға барудың қажеттілігі болмайды.

Оқырман»: Баланы вакцинациялау ата-ана келісімімен жүзеге аса ? ма және олар баласын вакцинациялау кезінде қатыса ала ма? Келісімнің бар-жоғы қалай тексеріледі?

— «Pfizer» вакцинациясы балалар мен жасөспірімдерге беріледі. КВИ-ге қарсы егуді қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Вакцинациялауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде ақпараттандырылған келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар ғана алдын ала жасалған тізім бойынша шақыртылады. Ата-аналар балаларының вакцина алу процесіне емханада да, мектепте де қатысып, бақылай алады.

Оқырман: Вакцина алғаннан кейін балада қандай асқынулар болуы мүмкін?

-Екпе алғаннан кейін балаларда жиі инъекция орнының ауыруы, қызаруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың және бұлшықеттің, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, қызба, жүрек айнуы, құсу болуы мүмкін. Сирек жағдайда лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнының қышуы, бөртпе, есекжем сияқты аллергиялы қ реакциялар болуы мүмкін.

«mugalzhar.gazeti»: Вакцинациядан кейін бала қанша уақыт бақылауда болады?

-Кез келген вакцина жасалғаннан кейін екпе алған адам медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. КВИ-ге қарсы «Комирнати» («Pfizer» компаниясы) вакцинасын енгізгеннен кейін де медициналық бақылау алғашқы 30 минутта жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау жүргізуге арналған үй-жайда физикалық қашықтықты сақтау ескерілетін болады.

«Оқырман»: Вакцинаның адам денсаулығына қаншалықты зияны бар? «Pfizer» вакцинасы қатерлі ісікке немесе диабетке, аутизмге әкелуі мүмкін бе? Жалпы вакциналар табиғи иммунитетті төмендетеді деген уәж рас па?

-Вакциналар табиғи имунитетті төмендетпейді. Вакцинацияның туа біткен имунитетке әсерін дәлелдейтін бірде-бір зерттеу болған жоқ. Ал сұраққа орай «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасына жеке тоқталсақ, ол қатерлі ісікке, диабетке және аутизмге әкелмейді. Сонымен қатар вакцинация жоғарыда көрсетілгендерді қоса, созылмалы аурулары бар адамдар үшін қажет.

«mugalzhar.gazeti»: Ел арасында «балаларға вакцинаны инъекция арқылы емес, ауыз не- месе мұрын арқылы береді» деген алып-қашпа әңгімелер айтылуда. Осы туралы маман ретінде сіз не айтар едіңіз?

— Аудан тұрғындарынан жоғарыда аталған жалған ақпараттарға сенбеулерін сұраймыз. Балаларға екпенің ауыз арқылы не болмаса мұрын арқылы берілуі шындыққа жанаспайды. Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес «Комирнати» вакцинасы («Pfizer» компаниясы) бұлшықет ішіне ғана енгізіледі.

«mugalzhar.gazeti»: Індетке қарсы екпе салу жұмыстары 17-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге қалай жүргізіледі?

— «Комирнати» вакцинасын («Pfizer» компаниясы) пайдалана отырып КВИ-ге қарсы вакцинациялау 12-ден 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жасөспірімдерге жүргізілетін болады. Бұл ретте егер вакцинация алған кезде жасөспірімнің жасы 18 жасқа толмаған болса, онда жасөспірім Пфайзер вакцинасымен егіледі және 21-28 күн аралығымен вакцинация курсы 18 жасқа толғаннан кейін аяқталуы мүмкін.

Оқырман: Екпе алған балалардың вакцинация паспортын қайдан жүктеп алуға болады? Қағаз нұсқасын қалай ала аламыз?

-Вакцинациядан кейін жасөспірімдерде де вакцинация паспорты жасалады. Электрондық вакцинация паспортын «еGov mobile» мобильдік қосымшасынан жүктеуге болады. QR- коды бар қағаз тасығыштағы КВИ-ге қарсы екпе туралы анықтаманы тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық ұйымнан ала аласыз.

Оқырман: Мен балама «Pfizer» емес, басқа вакцинаны салдыра аламын ба?

— Бүгінгі таңда біздің елімізде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау ДЖДҰ-мен мақұлдаған. Pfizer — 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакцинациялауға ұсынылған жалғыз вакцина. 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Бельгия, Үндістан, БАӘ секілде елдердің тәжірибесіне негізделіп ұсынылып отыр.

Оқырман: Коронавирусқа қарсы екпе алған бала өзіне вакцина салынған аурумен ауырып қалуы мүмкін екендігі рас па?

-Біздің елде пайдаланылатын КВИ-ге қарсы екпенің құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан енгізілген вакцина КВИмен сырқаттануды тудыруы мүмкін емес. Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір ғана бөлігі бар. Кейіннен инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл табиғи вирусты танып, оны жояды. Осыған байланысты КВИ-ге қарсы екпе алған адам вакцинадан инфекция жұқтыруы және КВИ-ге қарсы екпе алғандықтан айналасындағыларға жұқпалы болуы мүмкін емес

Оқырман: Вакциналарда қоспалар, консерванттар бар ма?

— «Комирнати» вакцинасына («Pfizer» компаниясы) арналған нұсқаулыққа сәйкес 1 дозада (0,3 мл) мРНҚ негізіндегі (липидті нано бөлшектерге инкапсуланған) COVID-19-ға қарсы 30 мкг бар. Сонымен қатар қосымша заттар (кремдерде, сусабындарда кездесетін полиэтиленгликоль, бірақ едәуір үлкен көлемде, сондай-ақ сахароза, натрий хлориді, калий хлориді бар. Вакцинаның құрамында бір дозаға кемінде 1 ммоль калий (39 мг) және натрий (23 мг) бар, яғни олардың құрамы шамалы ғана. Вакциналарда организмде бедеулік және мутациялық процестер сияқты ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларға әкелетін компоненттер жоқ. Вакциналардағы кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшін қауіпсіз концентрацияларда болады.

«mugalzhar.gazeti»: Егер баланың иммунитеті жеткілікті болса, вакцинация жасау керек пе? Вакцина иммундық жүйені ауырлатпайды ма?

— КВИ-ге қарсы вакцина егілген адамға коронавирустық инфекциядан қорғайтын арнайы иммунитет береді. Өкінішке орай, табиғи арнайы емес иммунитет әрдайым инфекцияларға қарсы тұра алмайды. Нәтижесінде егілмеген адамдар ауру жұқтырған кезде сырқаттанудың және асқынулардың пайда болу қаупі жоғары болады. Инфекциядан және вакцинациядан кейінгі асқынулардың жиілігін салыстыруға келмейді. Мәселен, коронавирустық инфекциямен ауырған кезде шамамен 15% жағдайда ауру оттегі терапиясын қолдану қажеттілігімен өтеді, тағы 5%-ында пациенттердің жағдайы критикалық болып табылады. Ықтималдығы жоғары аурудың ауыр түрлері егде жастағы адамдарда және демікпемен, диабетпен және жүрек ауруларымен ауыратын пациенттерде дамуы мүмкін. КВИ-ге қарсы иммундаудан кейін ауыр қолайсыз көріністердің тіркелуі іс жүзінде нөлдік деңгейде. Басқа елдерде тіркеліп жатқан вакциналардың енгізілуіне күтілетін реакциялар ауыр реакцияларға жатпайды, жиілігі жол берілетін көрсеткіштер шектерінде. Адамның иммундық жүйесі күн сайын көптеген антигендермен кездеседі және олармен күреседі және қорғауды қамтамасыз етеді. Вакцина дозасындағы антигендер организмді ешқандай жолмен ауырлата алмайды және КВИ-ге қарсы арнайы иммундық қорғанышты өндіруге бағытталған.

«mugalzhar.gazeti»: Ревакцинация мерзіміне тоқталсаңыз?

— Ревакцинация жұмыстары бүгінгі таңда басталып кетті. «Спутник» алған адамдарға ревакцинация 9 ай кейін жүргізіледі. Ал «QazVac» немесе «VeroCell» екпелерін алғандарға 6 айдан кейін жасалынады.

Оқырман: Ревакцинациядан бірінші кезекте кімдер өтеді?

-КВИ-ден алғашқы болып екпе алатындар: медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері, жабық балалар мекемесі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, созылмалы ауруы бар, 60 жастан асқандар, антидене тесті теріс нәтиже көрсеткен азаматтар.

Сұхбаттасқан: Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

KAZENERGY қауымдастығының АЭС құрылысына қатысты мәлімдемесі

admin_mugalzhar

Қазақстанда «қоңыр-қызыл» аймақ пайда болды

admin_mugalzhar

Балалар Ұлттық қордан алатын ақшасын қайда жұмсай алады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.