«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗІЛТЕМІРШІ ГҮЛІМНІҢ ЖЕҢІСІ

Грузияның астанасы Тбилисиде өткен Халықаралық пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында мұғалжарлық Гүлім Құрманбаева өнер көрсетіп, жүлделі І орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жаһан елдерінен 1000-ға жуық мықты спортшылар қатысқан бәсекеде өнер көрсеткен зілтемірші Гүлім 94 келі зілтемірді көтеріп, командалық жарыста 8 орынға табан тіреді.

— Бапкерім Сергей Ведюшкин екеуміздің жарысқа барғандағы басты мақсатымыз үздік сегіздіктің қатарынан көріну болатын. Бүгінде жоспарымыз орындалды. Енді алдымызда бәсекеге толы жарыстар бар. Әлі де жаттығуымызды жалғастырып, шеберлігімді шыңдаймын. Алдағы жоспар — 2022 жылы өтетін жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп, олимпиада ойынына жолдама алу, — деді спортшы.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

БАЛНҰР ЖҮЗУ СПОРТЫНАН АУДАНДАҒЫ АЛҒАШ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ҚҰМЖАРҒАНДА ҮЙЛЕРІ ӨРТЕНГЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды

admin_mugalzhar