«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында самбо күресінен Азия чемпионы, ҚР спорт шебері, Тәуелсіздік құрдасы Мадияр Алдамжаровпен онлайн кездесу өтті. Кездесуге қандыағаштық жас спортшылар қатысып, спортшыға сұрақтарын қойып, қызықты әңгімеге куә болды. Кездесу барысында бапкерлікжасап, ауылжастарын спортқа үйретіпжүрген Мадияр Асқарұлы спортшы болу үшін шыдамды, намысшыл, мінезді болудың керектігін баса айтты. Сонымен бірге денсаулықты да күтіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастырып жүрудің демаңыздылығына тоқталды. Инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде өткен онлайн сұхбатқа қала тұрғындары да қатысып, спортшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Жаңбыр, найзағай, 41 градус ыстық: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ 217 ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ 200 ТІРЕК МЕКТЕП ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛУДА

admin_mugalzhar

Осторожно, кражи

admin_mugalzhar