«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Танымал жапон лиригі Димаштың өнерін жоғары бағалады

Димаш Құдайбергеннің Жапониядағы фан-клубы «Ikanaide» мәтінінің авторы, танымал жапон лиригі Горо Матсуимен сұхбатын жариялаған. Ақын Димаштың ән орындауы қандай әсерге бөлегенін айтып берді.

Мен «Ikanaide» әнін шетелдік әншілердің өз тілінде орындағанын талай рет естідім, бірақ жапон тілінде біреу оны бірінші рет осылай әдемі шырқады, — деп жазды Горо Матсуи өзінің твиттер парақшасында.

Жапон ақыны бұл әннің Димаштың орындауында кездейсоқ тыңдағанын айтты.

Мен Димаштың «Ikanaide» әнін кездейсоқ естідім. Маған бірінші әсер еткені оның мөлдір үні мен мәнерлі дауысы болды. Мен басқа азиялық әртістердің бұл әнді орындағанын бірнеше рет естідім, бірақ олардың вокалдық шеберлігіне қарамастан ешқайсысы түпнұсқа мәтінінің шынайы мағынасын түсінбеген сияқты. Әннің хорында «Ах, Иканаида» жолы бірнеше рет қайталанады. Бір сөз болғанымен, әр жолдың мағынасы әртүрлі. Мұны Димаш сезінді деп ойлаймын, — деді ол.

Жапон лиригі бұл композицияның күрделі екенін де атап өтті.

Бұл композицияны тілді білетін әншінің де түсіну өте қиын. Оны орындау үшін уақыт өтуі керек деп есептеймін. Яғни, әннің сөзін толық жеткізу үшін вокалдық шеберлігі жағынан әдемі орындап қана қоймай, үлкен өмірлік тәжірибе қажет, — деді ол.

Сондай-ақ Горо Мацуи Димаштың Коджи Тамакимен бірлесіп жазған «Анокоро э» («Уақытқа оралу») және «Досым» сияқты тағы бірнеше әнді орындауын ұнататынын айтты.

Айта кетейік, Горо Мацуи — 1981 жылы мансабын бастаған жапондық танымал ән жазушысы. Лирик өзінің дебюттік сөзін танымал жапондық Чаге мен Аска дуэтінің Hot Wind альбомына жазған.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда интернеттің әлсіздігіне байланысты онлайн сабақ болмайды

admin_mugalzhar

Пластик ыдыстар денсаулыққа зиян ба?

admin_mugalzhar

«Жұрттың баласына қарашы»: Қазақстандық психолог балаға айтуға болмайтын сөздерді атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.