«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Зейнетақы жинағынан ақша алу: Тоқаев жеткілікті шек мерзімін ұзартуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты», — делінген президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жариялаған ақпаратта.

Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету.

«Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды», — деп жазды Уәли.

Еске салсақ, 3 желтоқсанда Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы күрт өсетіні хабарланды. Зейнетақы жинағын алу үшін әр жастағы адамдардың зейнетақы шотында кемінде мынадай сома қалуы керек екені айтылған: 21 жас – 3,2 миллион теңге, 22 жас – 3,3 миллион теңге, 30 жас – 4,4 миллион теңге, 40 жас – 5,8 миллион теңге, 50 жас – 7,4 миллион теңге.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмай, наразылықтарын білдірді.

БЖЗҚ ең төменгі жеткіліктілік шегінің мәндері әрбір жас үшін есептелетінін және болашақта зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуі ескерілетінін хабарлады. Бұл ретте «Республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты, жыл сайын осы көрсеткіштердің өсуін ескере отырып, жеткіліктілік шегінің мөлшерін есептеу жүргізіледі.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай түсініктемелері қазақстандықтарды қанағаттандырмады. Осылайша 12 мыңнан астам адам қазақстандық осы шешімге қарсы болып, петицияға қол қойған.

Ұқсас ақпараттар

Forbes: Месси – 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшы

admin_mugalzhar

В 2021 ГОДУ БЫЛО СОХРАНЕНО 42 СЕМЬИ

admin_mugalzhar

Бір мемлекет алғаш болып коронавирусты жеңгенін хабарлады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.