«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Кенен Әзірбайұлының туғанына 140 жыл – 10 дерек

Биыл халық ақыны, жырау, әнші, композитор, өнер қайраткері Кенен Әзірбайұлының туғанына 140 жыл.

Ғасырға жуық ғибратты ғұмырында Кенен Әзірбайұлы мыңға жуық өлең, екі жүздей лирикалық, дидактикалық мәні бар арнау мен толғау, жүзден аса ән шығарды. Әндерінің сөзін де өзі жазып, әрі асқан шеберлікпен орындаған біртуар дарын иесі.

Ән мен жырдың кеніші атанған Кенен Әзірбайұлы халқымыздың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрінің көрнекті өкілі. Өнер иесі халқымыздың ән өнерін әуендік жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын биік белеске көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, жаңа өріске алып шықты.

Кенен Әзірбайұлының шығармашылығымен қатар, қайраткерлік қыры туралы «Белгілі тұлғаның белгісіз қырлары» тұрақты айдарында 10 дерек ұсынамыз. Материал Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Кенен ауылында орналасқан Кенен Әзірбайұлы әдеби-мемориалдық музей қызметкерлерімен кеңесіп, әзірленді.

Ұқсас ақпараттар

Шалғай аудандарды интернетпен қамтуға британдық One Web компаниясы атсалысады

admin_mugalzhar

АУЫЛ ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚАТЫСТЫ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — ДІНИ АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ

admin_mugalzhar