«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЛІМОРДАСЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫ

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ ҚҰРДАСЫ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №4 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ АШЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «САМҒАТҚАН САН ҚЫРАНДЫ АЛТЫН ҰЯМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ.

Аталған шараға аудан әкімі Асқар Шериязданов, мәслихат хатшысы Роза Мүсенова, мектептің алғашқы директоры Камалхан Қуанов, білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова және мектепте ұзақ жыл еңбек еткен ардагер-ұстаздар қатысты. Салтанатты шара барысында ауданда алғашқы қазақ мектебінің ашылуына себепкер болған, мектеп іргетасының қалануына, білім сапасының жоғары болуына өз үлесін қосқан «Білім беру саласының үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Мұғалжар ауданының «Құр-метті азаматы» Камалхан Куановтың атына физика кабинеті ашылды. Кабинет іші физика пәніне қажетті құралжабдықтармен жабдықталған. Сонымен бірге Камалхан Қуанұлы туралы тың деректержазылған көрнекілік құралдары ілінген. Кабинетлентасынқұрметті ұстаздың өзі қиып, мектеп ұжымына алғысын жеткізді.

Сонымен қатар ауған соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Санат Жиенбаев атына алғашқы әскери дайындық кабинеті ашылды. Шара әрі қарай мектептің мәжіліс залында «Самғатқан сан қыранды Алтын ұям» атты мерекелік салтанатты жиынмен жалғасын тапты. Мектептің өнерлі де, талапты оқушылары арнайы шақырылған қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектеп ұстаздары облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімі, аудандық кәсіподақ ұйымы басшыларының Алғыс хатымен марапатталды. Аудан әкімі Асқар Шериязданов мектепте ұстаздық ететін тәуелсіздік құрдастарына Алғыс хат табыстады. Осы жылдар аралығында мектеп тізгінін ұстаған мектеп директорларына да құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Мектеп түлектері де сахна төріне көтеріліп, ұстаздарына жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады. Шара соңы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған волейбол турнирімен жалғасты.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРДАН – ОЙЫЛҒА

admin_mugalzhar

ШЕТ ТІЛІНДЕ САЙРАСАҢ – ШЕТЕЛГЕ БАРАСЫҢ!

admin_mugalzhar

ЖАҒЫМСЫЗ ИІС «ЖЫРЫНЫҢ» ЖАЛҒАСЫ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.