«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде балалар төлқұжатының қолдану мерзімін қысқарту ұсынылды

Елімізде балалар төлқұжатын қолдану мерзімін қысқарту ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында жасаған баяндамасында айтты.

Смайлов әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, әрі балалардың сыртқы келбеті тез өзгеруіне байланысты төлқұжатты пайдалану мерзімін қысқарту дұрыс шешім болатынын атап өтті.

«Яғни балалар төлқұжатын 12 жасқа дейін емес, 5 жасқа дейін етіп беріп, содан соң қайта ауыстырса.. 12 жастан 16 жасқа дейін беріледі. Одан әрі төлқұжат пен жеке куәліктің жарамдылығы әдеттегідей 10 жыл болып қала береді», — деді Смайлов.

Депутат мұның ата-аналарға тиімсіз екенін ескеріп, төлқұжат үшін төленетін баж салығын екі есеге дейін төмендетуді ұсынды.

«Кәмелетке толмаған балаларға берілетін төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен (23 336 теңге) 4 АЕК-ке (11 668 теңге) дейін төмендету ұсынылады», — деді ол.

Смайловтың айтуынша, қазақстандықтар жыл сайын 600-700 мың төлқұжат рәсімдейді екен. Оның 20%-ы балалар төлқұжаты. Соңғы 5 жылда елімізде 3 035 956 ересек азаматтарға арналған төлқұжат және 610 061 балалар төлқұжаты дайындалған.

Ұқсас ақпараттар

9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

Қазандағы мектепте болған атыс: Татарстанда аза тұту күні жариялады

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.