ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстары. «Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары. Айта кетейік, бүгін «қызыл» аймаққа кірген Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстары кеше 12 қаңтарда «сары» аймақта тұрған болатын. Сондай-ақ кеше «жасыл» аймақта тұрған Ақмола, Қостанай облыстары «сары» аймаққа өтті.inform.kz