«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елде мұғалім, дәрігер және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Қазақстанда 2022 жылы 1 қаңтардан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30% өсті. Бұл жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Елде 2020 жылдан бастап шамамен 600 мың педагогтің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру, ал 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтардың жалақысы 25%, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30% өсті.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 21 мың жұмыскердің лауазымдық айлықақылары 25% арттырылды. Жалақының өсуі өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ), үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50% өсті. Сондай-ақ, 2021 жылы әкімшілік және қосалқы персоналдың, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін лауазымдық жалақыдан 30%-дан 40%-ға өзгерту арқылы арттырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталып, ол 591 мың адамға әсер етеді. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есе артады.

massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНА ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

GQ нұсқасы бойынша «Жыл адамы» сыйлығы дәрігерлерге берілді

admin_mugalzhar

Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылданды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.