«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қысқы Олимпиадаға алғаш қатысатын ел

Сауд Арабиясының спортшылары алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін жарысқа екі спортшысы жолдама алды.

Кез келген елдің климаты оның спортына да әсерін тигізеді. Сол секілді Сауд Арабиясы да қысы жылы елдердің қатарына жатады. Қар сирек жауады, қысқы спорт түрлерімен шұғылдану қиын. Спортшылары көбіне өзге елде оқып-жаттығады. Ал биыл бұл ел өз тарихында алғаш рет қысқы Олимпиадаға спортшы қатыстырады.

Тау шаңғышылары Салман әл-Хувайш пен Файек Абди Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми түрде жолдама алды. Олар ел тарихындағы және Парсы шығанағындағы аймақтан баратын алғашқы спортшылар, — деп жазды ресми хабарламада.

Бұдан өзге Эр-Рияд спортшыларымен бірге Қытай жеріне арнайы делегациясын жібереді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

Олимпиада ойындары тарихында Қазақстан ту ұстаушыларының киімі үздік деп танылды

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

«Мұғалжар» басылымы биыл 90 жылдығын атап өтпек

admin_mugalzhar