«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Омикрон» штамын үйде емдеуге болады – дәрігер

Коронавирустың «омикрон» штамын үй жағадайында қалай емдеуге болады? Бұл сауалға Алматыдағы №11 қалалық емхананың жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Дәрігердің айтуынша, «омикронның» басты белгілерінің бірі – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, басқа да клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықеттердің ауруы, тамақ ауруы және жөтел.
«Омикрон» штамының белгілері алдыңғы штамдарға ұқсамайды. Оны жұқтырған адамдар үйде емделеуі керек. Неліктен үй жағдайында емделген дұрыс? Өйткені, біз бұл вируспен екі жылға жуық күресіп келеміз. Бұл мүлдем жаңа түрі емес, сондықтан инфекцияны жұқтырған адам ең алдымен оқшаулануы керек.
Егер қанның оттегімен қанықтығы төмендеп кетсе (сатурация), ұзақ уақыт дене қызуы түспесе, онда ауруханада жатып емделген абзал. Мұндай науқастар дәрігерлердің бақылауында болуы керек»,- дейді ол.
Спикердің сөзінше, коронавирустың кез келген штамын үй жағдайында емдеуге болады, ауруханаға асқынған немесе созылмалы ауруы бар науқастар жатқызылады.
«Омикрон» штамын емдеу әдісі тұмаумен бірдей: көп мөлшерде су ішу керек. Бұл организмдегі интоксикацияны тоқтатады. Сонымен қатар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдаған жөн. Олар дене қызуын төмендетіп, ауырсынуды басады. Себебі бас ауруы, бұлшықеттердің ауруы жиі кездеседі. Егер созылмалы ауруларға қарсы препараттар болса, оларды ішуді міндетті түрде жалғастыру керек. Пандемия басталған кезде, мобильді топтар үйге келіп науқас қанының оттегімен қанықтығын өлшейтін. Енді бұл импульстік оксиметр термометр сияқты, әр үйде болуы керек және үнемі өлшеп отыру қажет. Өйткені қанығу индексінің төмендігі аурудың ауыр түрде өтіп жатқанын білдіруі мүмкін», — деп түсіндірді дәрігер.
Сонымен қатар, ол «омикрон» жұқтырған адамда дене қызуының көтерілуі 2-3 күн сақталатынын атап өтті.
«Бұл – қалыпты жағдай. Температура көтеріледі және төмендейді, егер дене қызуы 39 градустан асып кетсе және бес күнге созылса, онда бұл сырқаттың ауырлығын көрсетеді. Бұл қосымша зерттеуді қажет етеді», — дейді Назым Күшікбаева.
Сондай-ақ ол антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайтынын баса айтты.

massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

Қағаз кемпір

admin_mugalzhar

Стимулы социально ориентированного государства

admin_mugalzhar

Ауылымның әр таңы алаңсыз еді…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.