«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Былтыр 9 мыңнан астам мал ұрланған — ІІМ

Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Самат Құсетов дәстүрлі брифинг барысында айтты.

Ішкі істер органдарының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – ұрлыққа қарсы күрес, қылмыстың жалпы құрылымында олардың үлесі шамамен 44 пайызды құрайды. Дәл осы қылмыстар, тіпті аз зиян болса да, иелеріне айтарлықтай материалдық және моральдық шығын келтіреді, азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру деңгейіне теріс әсер етеді, — деді Құсетов.

Ол былтыр мал ұрлығы боынша жасалған қылмыстарды тізіп берді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 920-дан астам мал ұрлығы, оның ішінде 121 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған 9 мың (9084) бас  ірі қараның 5 мыңға жуығы немесе 56 пайызы, яғни жартысынан астамы табылып қайтарылды. Мәселен, Қарағанды ​​облысында өткен жылдың ақпан айында мал ұрылар тобының қылмыстық әрекеті әшкереленген. Олар 50-ден астам жылқы мен 4 мал ұрлығын жасаған, — деді ол.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең әдемі 100 адам рейтингіне ұсынылды

admin_mugalzhar

АУЫЛ ЖОЛДАРЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.