«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде 200-ден астам мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр

Ақтөбеде мемлекеттік қызметте 272 бос жұмыс орны бар. Көбіне ауылға маман қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдеп жөніндегі кеңес пен уәкілдердің атқаратын рөлі орасан зор. Олардың жұмысы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытталған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент басшысы Әділбек Мұқашевтің айтуынша, алдын алу шаралары мемлекеттік қызметшілер тәртібін жақсатуға ықпал етті.

«Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері атқарған жұмысы нәтижесінде әдеп нормаларын бұзу 2018 жылмен салыстырғанда 28 пайызға, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың саны 35% азайған. Аталған өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстанымына да байланысты. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарады», — деді Ә. Мұқашев.

Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілерге қатысты 26 тәртіптік іс қаралып, 21 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Шалғай ауылдарда кадр тапшылығы бар. Облыста 272 мемлекеттік қызметшінің орны бос. Дегенмен кадрлардың мемлекеттік қызметтен кетуі төмендеген. Гендерлік саясат сақталуда. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 58,1% құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы — 39,3 жас. Орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 10,7 жыл. Атқаратын лауазымдағы орташа еңбек өтілі 4 жылды құрайды. Жыл сайын білім сапасы жақсаруда. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 89,5% — жоғары білімді, 16% немесе 685 қызметшінің екі және одан да көп жоғары білімі бар. 73-і немесе 1,7% шетелде білім алған», — деді Ә. Мұқашев.

Ұқсас ақпараттар

Облыстан мәжіліске 4 үміткер тіркелді

admin_mugalzhar

Қазақстанда «оралман» сөзінің орнына ресми түрде «қандас» сөзі бекітілді

admin_mugalzhar

Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.