«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде утилизация алымдарын қабылдау қайта басталды

«Жасыл даму» АҚ қазіргі уақытта толық жұмыс істеуге көшті және утиль алымдарын қабылдауды бастады, деді экология министрі Серікқали Брекешев. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс отырысында министр «Жасыл даму» АҚ-да өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері бойынша толық жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Тергеу жұмыстары жүріп жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Құжаттар мен серверлер тәркіленді. Қазір олар қайта қосылды. Сенбі және жексенбі күндері біздің мамандар жұмыс істеген болатын. Дүйсенбіден бастап барлығы қайта толық іске қосылды. Утиль алымдар қабылдануда», — деді Брекешев.

Оның айтуынша, экология министрлігінде заң бөлімі, цифрлық технологиялар және бюджеттік жоспарлау департаменті өкілдерінен комиссия құрылған. Қазір комиссия өз жұмысын бастаған және «Оператор РОП» ЖШС қызметіне қаражаттың барлық түсуі мен жұмсалу жолдарын зерттеуде.

«Екінші деңгейлі банктерде «Жасыл дамудың» 220 миллиардқа жуық ақшасы бар. Олардың жартысы ұлттық валютада болса, ал бір бөлігі доллар бағамында. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада біз автомобиль және ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты утилизация мөлшерін бекітеміз деп ойлаймыз», — деп сөзін түйіндеді экология министрі.

Еске салайық, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев кабель және сым өнімдерінің утилизация алымынан босатылатынын айтқан еді.

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті

admin_mugalzhar

Қазақстанда 12 облыс аумағында киіктерді қорғау акциясы басталды

admin_mugalzhar

33 млн теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.