Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетовтің төрағалығымен өтткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов қатысты.
Сессияның күн тәртібінде аудан аумағындағы қалалық және ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Ақкемер, Ащысай, Батпақкөл, Еңбек, Қ.Жұбанов атындағы, Құмсай ауылдық округтері мен Қандыағаш қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Мінберге шығып сөз алған округ әкімдері жергілікті бюджеттері туралы ақпарат беріп, округ аумағында атқарылуы қажет жобаларға қаржы бөлуге ұсыныс білдірді. Сонымен бірге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу бойынша, аудандық жер қатынастар бөлімінің бөлімінің бас маманы Лала Ильясова бірқатар округтер бойынша 2025-2029 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту бойынша баяндама жасап, ұсыныс пікірлерін білдірді.
Сессия соңында депутаттар күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша шешім шығарды.