«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Пәтер жалдау төлемі: кім және қалай төлейді?

«Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова пәтер жалдау төлемдерін кім және қалай төлейтінін түсіндірді. Ол Facebook-тегі парақшасында көп қойылатын сұрақтарға жауап беретін жазба жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ибрагимованың айтуынша, биыл мамырда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдау төлемдерін субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылады. Сондай-ақ, ол жаңа ережелер жуырда бекітілетінін, банк қазір өтінімдерді қабылдау үшін онлайн-платформа әзірлеп жатқанын айтты.

1. Бұл не?
Бұл төлемдер — тұрғын үй жалдайтын жекелеген отбасыларға бюджет қаражаты есебінен өтеусіз негізде берілетін, өтемақы түріндегі мемлекеттік қолдау. Бірақ бұл төлемдер коммуналды төлемдерді қамтымайтынын ескеру қажет. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй төлемдері тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады, 50 пайызы — бюджет қаражаты есебінен, 50 пайызы төлем алушының өз есебінен. Осылайша, мұқтаж отбасы пәтерді 120 мың теңгеге жалға алса, онда 60 мың теңгені өз қаражаты есебінен төлейді және 60 мың теңге бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

2. Не үшін?

Бірінші мәселе — қазақстандық отбасыларды үймен қамту мәселесі. Кейінгі үш жылда, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, жыл сайын 20 мыңға жуық отбасы бастапқы жарна түрінде 10 пайыз өз қаражатын қолданып, несиеге тұрғын үй алды. Тұрғын үйді жалға алатын азаматтардың жекелеген санаттары бар және олардың негізгі қажеттілігі — лайық жағдайда тұру. Олардың табысы бастапқы жарна жинақтау үшін аз. Қазақстан бойынша орташа құны 10 миллион теңге деп есептесек, 50 миллиард теңге қаражатқа жалға беру мақсатымен жылына 5 мың пәтер салуға болады. Жаңа құрал ай сайын орта есеппен 120 мың теңгеге баспана жалдап тұратын 70 мың отбасын қамтып, олардың жалдау ақысын 50 пайызы өтемақы арқылы жабуға мүмкіндік береді. Қамтылған саны 12 есе артты.
Қазірдің өзінде басталып үлгермеген бағдарламаға: «Бөтен тұрғын үйді неге жалға алу керек, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салуға рұқсат етілсін» — деген сарында түрлі сын айтылып жатыр.

Жылына 50 миллиард теңгеге ие болып, белгілі бір қатаң шарттар шеңберінде таңдалған 5000 отбасыны немесе 70 мың отбасыны қамтуға болады. Таңдау жоғары қамту пайдасына сай жасалады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Отбасы банк» АҚ-на әкімдіктер қалыптастыратын, бірыңғай республикалық электрон базадағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін банк сұрауы бойынша 3 жұмыс күні ішінде жібереді.

3. Кім үшін?

Өтініш берушілер — бірыңғай республикалық электрон базада тұрғын үй кезегінде тек төмендегі төрт санат бойынша тұрған азаматтар.

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

Үміткерлердің ЖАО-да (әкімдіктерде) тұрғын үйге мұқтаждар есебінде және мәртебесінің болуын «Отбасы банк» АҚ мемлекеттік деректер базасымен бірігу арқылы айқындайды. Өтініш берушіге (үміткерге) қойылатын негізгі талап — отбасының төмен табысы. Отбасының (азаматтың) кейінгі 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Осылайша, отбасының бір мүшесінің табысы айына 36 018 теңгеден аспауы шарт.

Мысалы, жұмыс істейтін әкесінің жалақысы 250 мың теңгеге тең көпбалалы отбасы бар. Жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын төлегеннен кейін, жан басына шаққандағы отбасы табысы шамамен 33 мың теңгеге тең. Бұл — отбасы төлемдерді талап ете алады деген сөз. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде соңғы 6 айда алынған табыс ескеріледі және табыстың үш тобы қамтылады:

  • еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбеккеақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімдік, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар, сондай-ақ ынталандырушы ақша түріндегі және өтемақы төлемдері. Олардың мөлшері БЖЗҚ-на аударымдар негізінде айқындалатын болады;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, зейнетақы төлемдері және әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер;
  •  кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер салық декларациялары негізінде айқындалатын болады.

4. Бұл қалай іске асады?

Электрон цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, электрон өтініш бергеннен кейін «Отбасы банк» мемлекеттік деректер базасын пайдалана отырып, үміткердің белгіленген шарттарға сәйкестігін аз уақыт аралығында тексеріп, төлемді тағайындау немесе бас тарту туралы жауап ұсынады. Бұл ретте «Отбасы банк» АҚ-ның ұсынылған құжаттарды қарау және тексеру мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды.

Жалға алу келісімшарты арнайы үлгі бойынша «Отбасы банк» АҚ платформасында жасалады және оған жалға алушы мен жалға беруші қол қояды. Жалға алу келісімшарты бұзылған немесе тоқтатылған кезде, жалға алушы «Отбасы банк» АҚ-на жүгініп, келісімшарт бойынша төлемдерді басқа жалға берушіге тағайындау туралы өтініш жолдай алады.

Төлем мына жағдайларда тағайындалмауы мүмкін:

  • өтініш берушінің отбасы мұқтаж топтардың төрт санатының ешқайсысына жатпаса және/немесе отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс 36 018 теңгеден асып кетсе.
  • Мақұлдау алғаннан кейін өтініш берушінің мәртебесі төлемді алушыға ауыстырылады.
  • Мақұлдау алынғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ төлемдерді тағайындап, оны жалға берушінің келісімшартта көрсетілген шотына аударады.

Алайда бұл әрекет орындалуы үшін жалға алушы жалдау ақысының 50 пайыз арнайы шотта болуын қамтамасыз етуі қажет. Төлемдер жалдау шартының әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын, қолма-қол ақшасыз аударылады.

Назар аудару қажет:

Үйді жақын туыстары мен жұбайларынан, оның ішінде бұрынғы жұбайлардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан жалға алуға болмайды. Жақын туыстарға: ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер жатады. Жалға берілетін тұрғын үйдің отбасының құрамына қарай төлем жасауға рұқсат етілген жалпы алаңдары:

  • саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін — 40 шаршы метрден артық емес;
  • саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін — 60 шаршы метрден артық емес;
  • саны 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін — 80 шаршы метрден артық емес.

Үлкен аумақты жалға алу кезінде, жалға берілетін тұрғын үйдің ауданына көрсетілген өлшемдердің 50 пайызы ғана төленеді. Төлемдер осы тармақта көрсетілген жалға берілетін тұрғын үйдің ауданы мен отбасының сандық құрамының өлшемдерін ескере отырып жүргізіледі.

5. Қанша өтеледі?

Өтініш беруші (үміткер) жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 шаршы метр жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен қалаларға белгіленген коэффицентіне байланысты есептеледі. Тұрғын үйді жалға алудың 1 шаршы метрінің құны АЕК мөлшеріне байланысты жыл сайын қайта есептеледі және тиісті күнтізбелік жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін жарамды. Жалдау ақысының жоспарлы мөлшері аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты.

Кестеде 2022 жылға жоспарланған жалдау ақысының жоғары төлемдері көрсетілген.

 

Ұқсас ақпараттар

Діни басқарма оқушылардың орамал тағуына қатысты мәлімдемесін жариялады

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

admin_mugalzhar

«Зейнетақы шотын бұғаттайды»: Абайлаңыз, алаяқтардың жаңа түрі шықты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.