«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ ШЕШІМІН ТАБУДА

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Қ.Жұбанов атындағы және Жұрын ауылдық округтерінің тұрғындары алдында 2021 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша есебін берді.
Кездесулерде Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Руслан Бисенбин мен Жұрын ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаев округтерде өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттерімен бөлісті.

Аудан басшысы өткен жылы ауданда бірқатар жұмыстардың атқарылғанын айтып, биылғы жылы да бірнеше жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті.
— 2021 жылы Қаракөл ауылына газ тарту жұмыстары басталып, үстіміздегі жылы ауылішілік жұмыстары аяқталатын болады. Қаракөл ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Биыл округке қарасты Жаңатұрмыс ауылына ұялы байланыс мұнарасы орнатылады. Сондай-ақ Жаңатұрмыс ауылына газ тарту бойынша бүгінгі таңда геодезиялық жұмыстары жүргізілуде, — деді аудан әкімі.

2021 жыл Жұрын ауылы үшін сәтті жыл болды. Жұрынға көптен күткен көгілдір отын кіргізілді. Тұрғындармен өткен кездесуде аудан әкімі Асқар Шериязданов биыл Жұрын ауылындағы 3 көшеге «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында асфальт төселінетіндігін, Жұрын ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жүргізілетіндігін, кешенді блок модулі арқылы округке қарасты Көлденең-Темір, Көбелей елді мекендеріне ауыз су тартылатынын жеткізді.

Кездесулердің соңында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс — тілектерін тыңдап, толғандырған сауалдарына жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев газ бағасын реттеу үшін үкіметке екі ай уақыт берді

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасы коронавирусқа қарамастан өткізілетін болды

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ҚАЙТА МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.