«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты

2021 жылы елдегі халық саны 248,5 мың адамға артып, 2022 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 19 миллион 125,6 мың адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстан халқының табиғи өсімі 267 295 адамды құрады (2020 жылы – 263 012 адам).
2021 жылы Қазақстанда 450 652 бала дүниеге келіп, 183 357 адам қайтыс болды. Елден 32 209 азамат кетсе, 10 952 адам Қазақстанға келген.
Сондай-ақ 140 256 неке қиылып, 19 280 ерлі-зайыпты ажырасқан.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕК АУЫЛЫНДАҒЫ ДҮБІРЛІ ТОЙ

admin_mugalzhar

Мұғалжарда алтын фабрикасы салынады

admin_mugalzhar

Қызылордада төтенше жағдай кезінде ауызашар бергендер жазаланды

admin_mugalzhar