Қазақстанда автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған утильдік алым мөлшерлемесі 2 есеге азаяды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
Вице-премьер Роман Скляр утилизация көлемін алып тастау туралы ұсыныстар шетелдік техниканы импорттаушылар үшін тиімді екенін айтты. Оның айтуынша, утилизация алымдарын жинау ішкі нарықты қорғау үшін қажет.
Бұл өзгеріс ауыл шаруашылығы техникасына арналған утильдік алым үшін де қатысты екенін қоса кетейік.
Айта кетері, Қазақстанда утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. 2022 жылда бір АЕК 3 063 теңге болып белгіленді. Утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Оның нақты формуласы да бар.
қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3 –ге дейін болса, 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 459 450 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 2 000 см3 –ге дейін — 50 АЕК (153 150 теңге) х 7 (коэффициент) = 1 072 050 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 3 000 см3 –ге дейін — 50 АЕК (153 150 теңге) х 10 (коэффициент) = 1 531 500 теңге.
Осылайша, аталған төлемдердің барлығы екі есеге төмендейді.