«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛАРАЛЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Аудан әкімінің халықпен кездесуі Ащысай ауылдық округіне қарасты Ақсу, Ащысай, Сабындыкөл ауылдарында өтті.
Облыс әкімі Е.Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту мақсатындағы “Ауыл аманаты” бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Бұл бағдарлама туралы аудан әкімі толық ақпарат берді. Атап айтқанда, бағдарламаның бағыттары, қатысу шарттары мен осы бағдарлама аясында 2,5 % несие алу шарттары кеңінен түсіндірілді. Ащысай округінде аталмыш бағдарлама аясында 36 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Соның ішінде 4 жоба өсімдік шаруашылығы, 26 жоба мал шаруашылығы және 6 жоба шағын бизнес.
Кездесу барысында Ащысай және Сабындыкөл ауылына газ тарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалғаны, жобаның мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқандығы, келесі жылы аталмыш жобаны қаржыландыру мақсатында бюджеттік өтінім беру жұмыстары жүргізілетіндігі айтылды.
Сонымен қатар Қаракөл- Ащысай жолын жөндеу мақсатында екі жоба әзірленіп (0-15,15-30 шақырым), мемлекеттік сараптамадан өткен. Келер жылы Қаракөл-Жұрын бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Қаракөл- Ащысай жолын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Биыл Сабындыкөл ауылынан Ащысай ауылына дейінгі жолды күтіп ұстау үшін, қыста қардан тазарту, көктемде жолды тегістеу, күз айларында жол бойындағы шөптерді шабу жұмыстарына жергілікті шаруа қожалықтарының техникалары тартылған болатын. Ауыл тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, келесі жылы бұл жолға қосымша қаражат бөлінетін болады, сонымен қатар қоғамдық кеңеспен ақылдаса отырып, жол ұзындығын ескеріп, Ақсу-Ащысай жолын күтіп ұстауға бір мердігер, Ащысай-Қаракөл жолын күтіп ұстауға бір мердігер белгіленбек. Бұл туралы есепті кездесуде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және автомобильдік жолдар бөлімінің басшысы А.Қалимағамбетов мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар

САҒАТТАП КЕЗЕКТЕ ОТЫРСАҚ, ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

admin_mugalzhar

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейді

admin_mugalzhar

Бауыржан АЛҒАЗИН: ҚАЛАМЫЗДЫҢ КӨРІКТІ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.