«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚПАНДА ӘУЕЛЕТІП ӘН МЕН ЖЫРДЫ

Осыдан үш жыл бұрын Мұғалжар аудандық ардагерлер үйі жанынан құрылған «Қазына» ансамблі бүгін мәдениет үйінде «Ақпанда әуелетіп ән мен жырды» атты концертін берді.
Кешті ансамбльдің алғашқы жетекшісі, еңбек ардагері Құрания Аймағамбетов ашып берді. 3 жыл ішінде қаладағы көптеген мәдени-көпшілік шараларға қатысып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерген ұйымшыл өнер ұжымы бүгін де сахна төрінен түрлі әндер орындап, күйлер шырқады. Концертке жиналған көрермен керемет көңіл-күй сыйлаған топ ардагерлеріне алғыстарын айтып тарқасты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы барлық мектептер ашылады

admin_mugalzhar

3 градусқа дейін үсік жүреді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

Қазақстанда «оралман» сөзінің орнына ресми түрде «қандас» сөзі бекітілді

admin_mugalzhar