«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл​ ​ 722 мың гектар алқапқа егін егіледі

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин биылғы көктемгі далалық жұмыстарға дайындық мәселелері бойынша жиын өткізді.

Осы жылы облыс бойынша егістік жерлердің жалпы аумағы​ 722,3 мың гектарды құрайды. Дәнді дақылдарға 375 мың, майлы дақылдарға 85,2 мың, картопқа 6,3 мың, басқа көкөністерге 4,5 мың гектар жер бөлу жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Жақсығали Иманқұловтың айтуынша, бүгінде облыс тұқымдық материалмен 82 пайыз қамтылған. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы​ 92 пайызға жетті. Облыс әкімі көктемгі далалық жұмыстарды уақтылы қаржыландыруды және шаруаларға субсидия беруді, оның ішінде жоғары репродукциялы тұқымдарды, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуді тапсырды. Сондай-ақ өңір басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді дизель отынымен қамтуды ерекше бақылауға алу керектігін ескертті.

Осы жылы көктемгі далалық жұмыстарды жүргізуге 9,5 мың тоннадан аса арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Облыс басшысы сондай-ақ жемшөп қорын молайту бойынша жоспарланған жобаларға ерекше көңіл бөлуді, олардың толық әрі​ сапалы​ жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді​ нықтады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Ұшақ апатында қаза тапқан 12 адамның аты-жөні белгілі болды

admin_mugalzhar

2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті

admin_mugalzhar

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің бірыңғай порталы іске қосылады

admin_mugalzhar