«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2025 жылға қарай туризм саласында 60 мың жұмыс орны ашылады

Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Халықаралық туризм және меймандостық университетінің мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 2025 жылға қарай туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында халықтың жұмыспен қамтылуына жол ашатын турбизнес қызметін жандандыру да осыған ықпал етеді. Бұл білікті кадрларға деген сұранысты арттырады», — деді Д. Абаев.

Осы орайда ол 2020 жылдан бастап Түркістан қаласында бейінді Халықаралық туризм және меймандостық университеті жұмыс істей бастағанын, онда 7 бағыт бойынша 1 300-ден астам студент оқитынын еске салды.

«Университет 2021 жылғы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (ЮНВТО) Бас Ассамблеясының аккредиттелген мүшесі болды. Түркия, Франция, Португалия, Австрия, Венгрия және басқа елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылды. Бүгінде университет дуальды білім беруді табысты жүзеге асыру арқылы халықаралық озық тәжірибе алмасатын салалық хабқа айналып келеді. Қазір университет жанынан ЮНВТО академиясын ашу, сондай-ақ, ЮНЕСКО ғылыми-зерттеу орталығын құру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ университет базасында меймандостық саласы бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалын ашу мүмкіндіктері қарастырылуда», — деді министр.

 

Ұқсас ақпараттар

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Звездное небо над Арбатом

admin_mugalzhar

Бетперде тақпағандарға 10 миллион теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.