Қазгидромет 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты солтүстік жартысында қар түрінде жауын-шашын, боран болып, жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.
«Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2…10 градус аязға дейін, күндіз 2…15 градусқа дейін жылы; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15…20 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0…10 градус аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0…8 градус аяз, күндіз 5…15 градус жылы болады», — делінген хабарламада.