«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Аманат» партиясының логотипі жарияланды

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия атауының ресми түрде өзгергенін мәлімдеді. Сондай-ақ, атауы өзгерген «Аманат» партиясының жаңа логотипі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оралов партияның кезектен тыс 22-ші Съезі онлайн форматта өткенін, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысқанын атап өтті.
«Тура 23 жыл бұрын 1 наурызда партияның құрылтай Съезі өткенін білесіздер. Дәл осы күнге орайластырылған бүгінгі жиынның партия тарихындағы орны бөлек.

Себебі біз бүгін Партия Төрағасының 28 қаңтарда өткен Съезде модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарламаны талқыладық, оны Съезд делегаттары бірауыздан мақұлдады», – деді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ерлан Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Ұсынысты партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. 

«Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді», – деді Оралов.

Ұқсас ақпараттар

Оқушыны зорлаған ақтөбеліктің ісі сотқа түсті

admin_mugalzhar

ТАХИР АТАНЫҢ БАҒЫ

admin_mugalzhar

Мұғалжарлық шаруа қожалығы басшысы Өзбекстанда өткен форумға қатысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.