«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСІ

Алғыс айту күні Батпақкөл ауылдық округінде де аталып өтті. Мерекеге орай Саға ауылының тұрғыны Жетен Ідірісовтың үйіне округтің жанашыр азаматтарының демеушілік қолдауымен көгілдір отын кіргізілді.
Демеушілік танытып, көмек қажет етіп отырған отбасына өз көмектерін көрсеткендері үшін округ әкімі М.Боқашев Б.Әбдіхаликовқа, Б.Байзақоваға, М.Шотовқа, Т.Әбуовқа, Ж.Жұбаниязовқа Алғыс хаттар табыстап, ауылдастарының атынан ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, көгілдір отын кірген отбасыға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның өндірісті бақылау, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инспекторлары Қуантай Ульданов пен Олжас Мукатов газ плита сыйға тартты.
Ідірісовтер отбасы қуаныштарын білдіріп, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫН АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАНУДА

admin_mugalzhar

2021 жылы Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қалай өзгереді?

admin_mugalzhar

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.