«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

4 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери қызметтің белгіленген қызметін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз – шілде және қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

«Әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жасөспірім толықтырады. Алдымен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады. Әскерге шақыру науқанының шаралары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған. Болашақ сарбаздар COVID-19-ға қарсы ПТР-зерттеуден екі рет, яғни жинау пункттерінде және әскери бөлімдерге келгеннен кейін өтеді», –  делінген министрлік хабарламасында.

Мәлім болғандай, әскерге шақырылушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберу, сондай-ақ тұрығылықты жері мен жұмысының мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздары арқылы хабардар етілу үстінде.

Әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Аталған шақыру комиссияларын облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады.

«2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметтер тізіміне еніп, оған сәйкес қызмет түрлері азаматтарға Электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өткен жөн. Әр қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Қарулы күштер – адалдық алаңы» жобалық офистері жұмыс істейді.

Бұл жерден әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары барлық қажетті ақпаратты ала алады. Толғандыратын мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды Қорғаныс министрінің блогына, Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының электрондық пошталарына жіберуге болады», –  деп толықтырды ведомстводан.

Ұқсас ақпараттар

АУДАННЫҢ БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жить «РОДИНЕ СЛУЖИТЬ!»

admin_mugalzhar

МЕДИКИ, НА СТРАЖЕ ЗДОРОВЬЯ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.