«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРДЫҢ КӨМЕГІ

Мұғалжарлық тәртіп сақшылар жол бойында көлігі бұзылып, жүрмей қалған Түркия елінің жүргізушілеріне көмектесті. Оқиға 8 наурыз күні «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 93-ші шақырымында орын алған.

«Ақтөбе — Астрахань» тас жолының 65 — 124 шақырымы аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторлары полиция лейтенанты А.Турақбай мен полиция лейтенанты Б.Елубаев «Ақтөбе — Астрахань» тас жолының 93 шақырымында көлік құралының ақауы пайда болып бұзылып тұрған Түркия елінің азаматтарына көмек көрсетті.

Түркия елінің азаматтары мұғалжарлық полицейлерге жолда көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді. Бірлескен күш-жігердің арқасында ауыр жүк көліктерінің ақауы қалпына келтірілді. Түрік жүк көліктері өз жолдарын аман-есен жалғастырды.

Ұқсас ақпараттар

ГАНДБОЛ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

admin_mugalzhar

11 наурызға арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

“Қоғам өмірінен ешкім де тыс қалмауы керек”

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.