«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алдағы үш жылда судан, күннен, желден энергия алатын 59 станса салынады

2025 жылға қарай 13 су электр стансасы, 34 жел және 12 күн стансасы салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканың орнықты даму талаптарына сай келетін энергетикалық кешенді жаңғырту. Іс-шараның басты мақсаты экономика мен халықтың электр энергиясына қажеттілігін жабу болып саналады. Электр қуаты нарығы аясында министрлік жасасқан 13 инвестициялық келісімді іске асыру жолымен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту жүзеге асырылады. 1600 МВт қосымша қуаттар іске қосылатын болады. 2025 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлерінде маневрлік режимі бар, жиынтық қуаты шамамен 1 000 МВт бу-газ қондырғыларын салу жөніндегі жобаларды аяқтау болжанып отыр», — деді министр.

Оның атап өтуінше, 13 су электр стансасының, 34 жел және 12 күн стансасының құрылысы жоспарланған. Бұл 2025 жылға дейін 2 400 МВт экологиялық таза энергияны өндіруге мүмкіндік береді. «Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Батыс аймағының электр желілерін күшейту үшін «KEGOC» АҚ Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арасында 220 кВ транзиттің екінші тізбегін салу жөніндегі жобаны бастады. Сонымен қатар Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту жүргізілетін болады. Көзделген іс-шаралар жаңа генерацияны құруға және тозу деңгейін 66-тан 62,7 пайызға дейін төмендетуге, сондай-ақ 21 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді Болат Ақшолақов.

inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына қатысады

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫ АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕН ТҮЛЕП ҰШҚАН ЧЕМПИОН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.