«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Құрылтай – халық пен биліктің арасына көпір

Ұлттық құрылтайдың маңызы – халық пен биліктің арасындағы сенімді арттыру. Мұнда қарапайым халықтың мұң-мұқтажы, ұсыныстары тікелей тыңдалып, нақты шешімдер қабылданады. Әсіресе, ауыл, өңір мәселелері көтеріліп, ұлттық болмысты сақтау, жастар тәрбиесі секілді тақырыптар да жан-жақты қамтылады.

Құрылтайда айтылғандай, ұлттық мүддені қорғау – баршамыздың ортақ парызымыз. Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда қоғамда алауыздыққа жол бермей, ынтымақты арттыру – мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Президентіміздің бұл үндеуі баршаға жол сілтейтін ұстаным болуы тиіс.

“Мемлекет басшысының елдің болашағы үшін нақты бастамалар көтеруі — әрқайсымыз үшін үлкен үміт. Ұлттық Құрылтайда айтылған ұсыныстар халықтың көкейіндегі мәселені дөп басып отыр! Қолдаймыз!”

Салауат Жұмағалиев, Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан – бірлік пен келісімнің мекені

admin_mugalzhar

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: дауыс беру мерзімі ұзартылды

admin_mugalzhar

ДІНИ БУКВАЛИЗМНЕН САҚ БОЛАЙЫҚ!

admin_mugalzhar