«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Айнұр СИДАҒҰЛОВА, 6 баланың анасы, «Күміс алқа» иегері: ӘР БАЛА ӨЗ НЕСІБЕСІМЕН ТУАДЫ

Бүгінде төрт қыз бен екі ұлдың ардақты анасымын. «Күміс» алқаиегерімін. Үлкен қызым университетті қызыл дипломмен бітіріп, қазір мектепте қызмет атқарады. Екінші қызым Ақтөбе қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінде 12 сыныпта оқып жатыр. Екі қызым Қандыағаш қалалық №4 мектепте оқиды. Ал егіз ұлдарым балабақшада тәрбиеленуде. Бүгінде заман талабына сай әр баланың өзіндік қажеттілігі болады. Олардың киімі, оқу-құралы, басқа да заттары арзан тұрмайды. Барлығы келіп қаражатқа тіреледі.
Дегенмен, әр баланың несібесі бар деген рас екен. Жас отбасы болғаннан кейін түрлі қиындықтар болып тұрады. Бірақ әр қиындықтың артынан үлкен олжаға тап келеміз. Бұл дегеніміз Алланың несібемізді арттырғаны деп білемін. Өмірге бала әкеліп, атаана атанғаннан кейін әр баланың болашағына, өміріне бірден-бір жауапты адам өзіміз болып табыламыз. Сондықтан әр баланы тәрбиелі, саналы, мейірімді етіп өсіру басты міндетіміз. Балаларымды тәрбиелеуге жолдасымның қосып жатқан үлесі зор. Бүгінде мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларды алып тұрамын. Өзім — теміржолшымын. Теміржол саласында қызмет атқарып жүргеніме 20 жылға жуықтады. Бүгінгі таңда Қандыағаш теміржол стансасында тауар кассирі болып қызмет атқарамын. Көпбалалы ана болажүріп, өндіріс саласында қызмет жасау оңай емес. Ол жақта үлкен жауапкершілікті, темірдей тәртіпті талап етеді. Балаларым кішкентай кездерінен жауапкершілікті түсініп өсіп келеді. Сөз соңында жас аналар көпбалалы ана атанудан қашпай, ұлтымыздың санын көбейтуге үлес қосса екен деймін.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ҚОЖАСАЙДА МЕРЕКЕЛІК ЖАРЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады

admin_mugalzhar

АЭС орны қалай таңдалады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.