«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Семей мен Жезқазған облыс орталықтары болады

Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні халыққа жасаған жолдауында үш жаңа облыс құруды ұсынды. Ол Семей аймағында Абай облысын, ал Жезқазған аумағында Ұлытау облысын құру жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
«Халықтың қалауын ескеріп, бүгін бірқатар бастама көтермекпін. Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын.
Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ құрылымдары көптен бері айтып жүргені белгілі. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі-инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз», — деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, президент Ұлытау облысын құруды ұсынды.
«Тағы бір мәселе, бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсынамын.
Жезқазған қаласы облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім. Кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше», — деді Тоқаев.
Айта кетейік, президент Алматы облысының екіге бөлінетінін айтты: Алматы және Жетісу облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласында болады.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

6 млн маска, 400 мың респиратор: Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

admin_mugalzhar

Светлана Писаренко: Фотографии, как искусству надо учиться

admin_mugalzhar