«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

«Энергосистема» ЖШС-нің Ақтөбе электр жүйелер учаскесінің ұйымдастыруымен қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру мақсатында сайыс өтті.

Сайысқа Ақтөбе қаласымен облыстың барлық аудандарынан 16 команда қатысты. Қатысушы командалар арасында Қандыағаш қаласындағы Мұғалжар электр желісі учаскесі мен Ембі электр желісі учаскесі белсенділіктерін танытты.

Сайыс барысында түрлі авариялық жағдайларға дайын болып, істен шыққан электр жүйелерін тез арада қалыпқа келтіріп, электр қуатынан зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа шығарып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бағыттары көрсетілді.

6 кезең бойынша өткен сайыста әрбір ауданнан қатысқан бригадалар өздерінің білімдері мен кәсіби шеберліктерін байқатты.

Нәтижесінде өз кәсібінің шебері екендерін дәлелдеген Ембі электр желісі учаскесі сайыстың қорытындысы бойынша І орынды, Қандыағаш қаласындағы Мұғалжар электр желісі учаскесі ІІ орынды, Ақтөбе қалалық электр желісі учаскесі ІІІ орынды иеленді.

Сайысқа қатысушы командалар кәсіби жұмыстың жаңа, заманауи әдіс-тәсілдерін көрсетіп тәжірибе алмасты.

Ұқсас ақпараттар

“Қоғам өмірінен ешкім де тыс қалмауы керек”

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ: 46 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ, 41605 ҚАТЫСУШЫ

admin_mugalzhar

АЗАН ШАҚЫРУДАН ЖАРЫСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.