«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«НҰР КӨРШІЛЕР» МЕЙРАМДЫ АТАП ӨТТІ

«Көрші ақысы — Тәңір қақысы» демекші, бір-бірімен тату, ауызбіршіліктері жарасқан көршілер бар Қандыағашта. «Жастық» мөлтек ауданы, 81 үй, 4 подъезінің 15 пәтерінің тұрғындары өздеріне тіпті, «Нұр көршілер» деп ат қойып алыпты. Бір-бірінің қуанышы мен қайғысын бөлісуге даяр тұратын көршілер мерекелерді де бірге атап өтуді үрдіске айналдырған. Осы әдетпен «Нұр көршілер» биылғы Наурыз мерекесін де бірге қарсы алып, бірліктің белгісін көрсете білді. Көже асып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, балаларға бабалар жолын көрсеткен ізгі мереке шағын тойға ұласты. Бұл күндері жылы лебіздер айтылып, игі тілектер ақтарылды.
Бір-бірінің жанашыр жақынына айналған тату көршілер Наурыз мейрамын осылай, яғни көршілер болып атап өту ауданның басқа да өңірлерінде көрініс тапса екен дейді.

Ұқсас ақпараттар

«Келешек мектептері»: Жас мамандарды іріктеуге арналған жаңа цифрлық платформа іске қосылды

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Жаңа туған 7 мыңнан астам сәбиге ЖСН берілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.