«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2470 ЛИТР КӨЖЕ, 1800 КЕЛІ БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛДЫ

Орталық саябақтың ортасындағы ту тұғырын айнала қаздай тізіліп тігілген ақ қанатты киіз үйлер ұттық мерекеге сән берді. Киіз үй іштері қазақи нақышта көркемделіп, түс киіздер ілініп, сандық пен қоржын қойылды. Ол жерден түрлі аңдардың терісі мен ұлттық музыкалық аспаптарды да көруге болады. Сонымен қатар ұлттық тағамдарға толы ақ дастарқан жайылған. Қала тұрғындары мерекенің басты асы — Наурыз көже мен бауырсақтан да дәм татуға мүмкіндік алды. Әр киіз үйге тақырыптық ат берілді. Айталық, «Анаға тағзым» киіз үйін Қандыағаш пайдалану вагон депосы, «Ауыл — ел бесігі» киіз үйін «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС-і, «Ахмет Байтұрсын ауылы» киіз үйін аудандық білім бөлімі және Қандыағаш қаласының бес мектебі, «Алақай, балақай» киіз үйін қаладаға мемлекеттік және жеке балабақшалары, «Ел ертеңі – білімді жастар» киіз үйін Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы, «Есет Көкіұлы аулы» киіз үйін «Неохим» ЖШС-і, «Мәңгілік ел» киіз үйін Қандыағаш жол дистанциясы, «Мұғалжар — туған байтағым» киіз үйін Қандыағаш станциясы және теміржол мекемелері, «Мұхтар Әуезов ауылы» киіз үйін «Қазтермогрупп» ЖШС-і, «Рухани жаңғыру» киіз үйін Қандыағаш пайдалану локомотив депосы, «Талғат Бигелдинов ауылы» киіз үйін Мұғалжар аудандық ауруханасы, «Халықтар достығы ауылы» киіз үйін «Кентавр» ЖШС-і тікті. Сонымен бірге аудан әкімдігі алдына аудан аумағындағы барлық мемлекеттік және жеке мекемелер 25 метрлік мерекелік дастарқан жайып, тұрғындарға наурыз көжеден дәм таттырып, бауырсақ таратты. Наурыз мерекесінде шамамен тұрғындарға 2470 литр наурыз көже және 1800 келі бауырсақ үлестірілді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — АРДЫҢ ІСІ…

admin_mugalzhar

ЗАТЫ-ТАТАР ИІСІ-ҚАЗАҚ

admin_mugalzhar

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАН ҚАТЕЛЕСПЕДІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.