«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«SAUNET BOXING» КУБОГІ ӨТТІ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан WBC Азия чемпионы, UBO Әлем чемпионы Нұртас Әжбеновтың жүлдесіне арналған «SAUNET BOXING» кубогі өтті. Саумал орталығының ұйымдастыруымен және Қандыағаш қаласы кәсіпкерлерінің қолдауымен өткен бокс кешінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин, Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов, Tukeshov_boxing президенті Жалғас Тукешов, saumal_triptofan орталығының басшысы Болат Бисенғалиұлы,
Ақтөбе облысы грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, кәсіпқой боксшы осы кешті ұйымдастырушы Нұртас Әжбеноа, елге белгілі кәсіпқой спортшылар мен кәсіпкерлер, қала тұрғындары қатысты.
Бокс кешін елге танымал ринг-анонсер Арман Момынов жүргізді.

Жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған бокс кешінде Ақтөбе облысының намысын қорғап жүрген 20 спортшы өзара жұптасып, тартысқа толы жекпе-жектер өткізді. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз бен жүлдегер атанған боксшылар медальдармен, дипломдармен және саумал өнімдерімен марапатталды.
Бокс кешінде басты бәйгеге тігілген «Saunet Boxing» белдігін Қандыағаш арланы лақап атымен шыққан Ерасыл Мустафинов иеленді.
Кеш соңында бокстан WBC Азия чемпионы, UBO Әлем чемпионы Нұртас Әжбенов шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен азаматтар мен кәсіпкерлерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.

Ұқсас ақпараттар

АЛЛА ҮЙІНДЕ САДАҚА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Тұрғындарға «Arman qala» жобасы таныстырылды

admin_mugalzhar

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны өсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.