Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде текқанаөзімізгетән. Ұлттық қасиет, ұлттық тәрбие — ол тек қазақ тілінде. Ана тілінің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Тіл туралы жазудан, тіл туралы айтудан да жалықпауымыз керек. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев «Ұлтқа тілінен қымбатнәрсеболмақемес, бір ұлттың тілінде — сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Тіліміздің бойында керемет ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Бүгінгі күні қазақ тілінің қолданысына мен де қатты толғанамын. Тіліміздің қолданылуының кеңеюі артады — деген үмітпен әлі келе жатырмыз. Өкінішке орай, өзгеұлт түгіліөз қазағымыздың қазақша сөйлей алмай тұрғанына іштей қынжыламын. Тілдің иесі — кешегі қазақ, бүгінгі қазақ, ертеңгі болашағы да қазақ ұрпағы. Тіл — өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты.
Өз тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу — қаны қазақ баласының бірден бір міндеті. Тіл құндылығын заманнан-заманға, адамнан-адамға жеткізуші де — бүгінгі ұрпақ. Әрбір патриот жан елі, жері, тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып құрметтесе, біздің елдігіміздің баянды болғаны. Сауатты ұрпақ — ол өз ана тілінде ойлап, өз тілінде еркін сөйлей, алатын, қазақша еркін жазып, оны еркін меңгерген ұрпақ. Сондықтан да ана тілінің шырайын түсінетін, өз тілімен жазып, өз тілімен сөйлескен ұрпақ өз ұлтының құндылығын ешуақытта жоғалтпайды. Үш тілде білім беру жобасы — негізінен қазақ тілінің аясында жүзеге асатыны белгілі. Үш тіл білу -«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп айтылғандай. Айталық, көптілділік әлемдік ақпараттық кеңістіктің дамуына, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына, білім алу кеңістігінің біркелкі болуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктер ашады. Адам көп тіл білгеннен зиян көрмейді. Керісінше, оның талабы да, талғамы да артады. Бірақ, ең басты тұғырда өз анатіліболуыкерекдепесептеймін. Адамның ой-өрісі өз ана тілінде дамып жетілгенде ғана құндылығы артады. Тіл әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса, адам баласы да жойылады. Сенің қазақ екеніңді айғақтайтын таптырмас дәлел — ана тілің.
Біз тіл үшін күресуге міндеттіміз. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауға және ана тілінің орынсыз шұбарлануынажолбермеугетиіс. Оны қастерлеп, қадір тұту — әр қазақ баласының қасиетті борышы. Ментілжанашыры, кітапхана саласының ардагері ретінде тіліміздің құндылығының артқанын қалаймын. Мені мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілмәдениетінқалыптастырып, сақтау, қызметтік лексиканыдамытужолындағы жасапжатқан «Мемлекеттік тіл — ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалінің дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқаны қуантады. Сонымен қатармәдени-кітапханалық шаралардың да қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосып жатқан үлесі зор.
Мемлекеттік тілдіңмәртебесін арттыру мәдениет қызметкерлерінің ғана емес қоғамның әр бір мүшесінің борышы дер едім. Мәселен, автобустардың ішіне ақын-жазушылардың, би-шешендердің ұлағатты сөздері жазылған көр-некілік құралдар жапсырылса, үнемі жаңартылып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді… Өз елінің ақындарын оқымай жүрген сөзге шолақ, ойға тайыз кейбір замандастарымыздың тілдік лексикасына ықпалы мен әсері тиіп қалар деген ниет қой.
Ғалияш ЖАНЕСОВА, кітапхана ардагері, тіл жанашыры Қандыағаш қаласы