Ақтөбе қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Облыстық кезеңге Мұғалжар ауданының оқушылары қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бекбол Бақтыбаев (құқық негіздері), Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мира Акмурзаева (ағылшын тілі), Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аида Кадын (қазақ тілі), Құмжарған орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айгерім Ізбасар (өзін-өзі тану), А. Жұбанов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұржан Байниязов (география) пәндерінен І орындарды иеленді.
Ембі қалалық №7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қаракөз Абитова (өзін-өзі тану), Мұғалжар орта мектебінің 10 сынып оқушысы Құралай Мирманова (өзін-өзі тану), Құмжарған орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бану Шамитова (биология), А.Жұбанов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гүлдара Ахметкереева (қазақ тілі мен әдебиеті) пәндерінен ІІ орындарға ие болды.
Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Меруерт Жәрдемғали (қазақ тілі мен әдебиеті), Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Перизат Елюбай (қазақ тілі мен әдебиеті), Ембі қалалық №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Еркеназ Қуанышова (құқық негіздері) Құмжарған орта мектебінің 10 сынып оқушысы Еркеназ Бақыт (Қазақстан тарихы) пәндерінен ІІІ орындарды иеленді. Ембі қалалық №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әсем Дайырова Мақтау қағазымен марапатталды.
Үздік нәтиже көрсеткен Мұғалжар ауданының командасы «Үздік олимпиадалық команда — 2022» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды. І орынды иеленген мұғалжарлық оқушылар республикалық олимпиадада Ақтөбе облысының намысын қорғайтын болады.