«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жауын жауып, жел соғады: Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, еліміздің кей аумақтарында жаңбыр жауып, тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіліп, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағаймен, екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болады деп болжанады.

Солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елде тұман, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 18-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан құқық қорғау қызметі деректер ғылымымен жасанды интеллектке сүйенетін мемлекеттер қатарына қадам басуда: прокурорлар жасанды интеллект әзірлеушілеріне айналып, өз әзірлемелерін әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лиге таныстырды

admin_mugalzhar

Балаларға арналған инклюзив білімнің артықшылығы неде?

admin_mugalzhar

«Әділ сөз» қорының басшысы Қазақстанның жаңа Конституциясында сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігін қорғау нормаларының бекітілуін жоғары бағалады

admin_mugalzhar