Аудан әкімдігі «AltynEx Company» кәсіпорнының аймақтық директоры Орман Түзелбаевпен үстіміздегі жылдың ақпан айында келіссөздер жүргізді. Сол келіссөздердің нәтижесінде Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері Алтынды ауылындағы «AltynEx Company» кәсіпорнынан мамандықтарына сәйкес тәжірибеден өтетін болады.
«AltynEx Company» кәсіпорнының кадр бөлімінің басшысы Абзал Ниязов Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің материалдық-техникалық базасымен таныса отырып, компания тарапынан колледжге методикалық және өндірістік практикалық бағыттарда көмек көрсетілетіндігін айтып өтті.
Бүгінгі таңда Ембі қызмет көрсету саласы колледжіне «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» компаниясының демеушілік көмегімен 80 млн. теңгеге студенттердің білім алуларына қажетті заманауи жаңа құрал жабдықтар (компьютерлік құрылғылар және дәнекерлеу аппараттары) алынып, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда.
Бүгінгі таңда колледжде 200-ден астам студент білім алып, техникалық мамандықтарды игеруде.