«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМСАЙ: ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІ ҚОСЫЛАДЫ

Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Құмсай ауылында жалғасты. Құмсай ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі Құмсай ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары биыл аяқталып, іске қосылатындығын атап өтті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Қаракөл-Ащысай» ауылдарына газ құбырын жүргізу жұмыстарының жобасы дайындалуда. Келесі кезеңде «Құмсай-Ақсу» ауылдарына газ құбырын жүргізу жоспарға енгізіледі.

Құмсай ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жаңа УАЗ жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз ету мәселесі жуық арада қарастырылады.
Құмсай ауылындағы Қаниев, Мырзабаев көшелерін асфальттау мақсатында жобалау сметалық құжаттар жасақталуда. Округтің интернет желісін күшейту үшін Шилі елді мекеніне мамыр айында телемұнара орнатылады.

Жиын соңында ауыл тұрғындары Құмсай ауылына газ балон тасымалдануы ұйымдастырылса, «Құмсай-Ембі» бағытындағы жол тегістеліп, қалпына келтірілсе, Құмсай орта мектебінің ғаламтор желісінің жылдамдығы көтерілсе, ауылға тартылып жатқан ауыз су мәселесі уақытында аяқталса деген өтініштерін білдірді.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарының толғандырған сауалдарына жауаптырын беріп, маңызды мәселелерін ауылдық қоғамдық кеңес отырыстарында қарап, атқарылып жатқан жұмыстарды бірлесіп қадағалап, ұсыныстарды аудан әкімдігіне уақытылы беруді округ әкіміне жүктеді.

Кездесуден кейін аудан әкімі, аудан прокурорының орынбасары, Ембі қалалық полиция бөлімінің бастығы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Жеке қабылдауда ауыл тұрғыны ақылы қоғамдық жұмысқа қабылдануын өтінді. Аудан әкімі ауылдағы жұмыссыз адамдарды ақылы қоғамдық жұмысқа қабылдауды жергілікті қоғамдық кеңесте талқылап, жағдайларына қарап алуды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

admin_mugalzhar

Иранда құлаған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ

admin_mugalzhar

Соприкоснулись с историей РОДНОГО КРАЯ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.