«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ауданға келген облыстық делегаттар Қандыағаш қаласында орналасқан «Medlife+» медициналық және «Зәру» пантымен емдеу-сауықтыру орталықтарының жұмыстарымен танысты. Жеке инвестордың қаржысына ашылған гемодиализ орталығы бүйрек жұмысын жақсартуға және вирусты гепатитке шалдыққандарға көмек көрсетеді. Бұл орталықтың емдік қызметін бүгінде Мұғалжар, Байғанин жəне Темір аудандарының тұрғындары қабылдап келеді.
Сонымен қатар «Зәру» емдеу-сауықтыру орталығына бас сұғып, пантымен емдеу жолдарымен танысқан облыстық мәслихат депуттары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы емдеу-сауықтыру орталығына мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін, зейнеткерлерге жеңілдікпен емдеу үшін облыстық бюджеттен қаржыландыру жолдарын қарастыруды ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

Значительно выросло число больных пневмонией в Казахстане

admin_mugalzhar

Елімізде наурыздан бастап қандай телефондар бұғатталады?

admin_mugalzhar

АРХИВ: САРҒАЙҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ САҚТАЙДЫ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.