«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДЫҢ ЖАУЫ

Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы қызметкерлері аймақтағы көліктегі бақылау инспекциясы өкілдерімен бірге тексеруге шықты. Ондағы мақсат – талапқа бағындай, трассада салмаққа қатысты ережені пысқырмайтындарды тезге салу.

«Жүк көліктерінің жолмен жүрудің шектік талабы бір білікке деп шаққанда 13 тоннадан аспауы тиіс екен. Ал қазіргі уақытта өңірдегі ауданаралық, облысаралық жолдарда 25-40 тонналық ауыр жүк көліктері бұл талапқа пысқырып та қарамай, тас жолдың асфальтін саз балшықша илеп, тыным таппай жортатын кездері бар. Жолдың жауы – жүк көлігі,»-дейді инженер Руслан Тажбанов.

Өос мекеме жүргізген рейд кезінде қызметкерлер 23 шетелдік ауыр жүк көліктерін тексерді. Олардың салмағы талапқа сай келетіндігін тексерді. Бір жүк көлігіне ережені сақтамағы үшін сол бойда әкімшілік материал толтырып, 150 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ақтөбе облыстық филиалы инженері Руслан Тажбановтың сөзінше, аыр жүк көлікітері кен орындарының маңайындағы жұмыстарға ғана арналған. Оларға тас жолмен жүруге болмайды. Тек жол салынып жатқан кезде ғана рұқсат. Ал жол құрылысы жұмыстары аяқталған соң оларға тосқауыл қойылады.Бірақ ірі кәсіпорындар бұған ат үсті қарап жатады. Сондықтан бақылауды күшейкен жөн.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ЖОЛЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАНДЫ

admin_mugalzhar

КӨТІБАР АУЫЛЫ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС КӨП

admin_mugalzhar

ӨЗГЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БІЗДЕ ЕМДЕЛЕ АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.