«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылды

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол үшін барлық телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазтелерадио» ұлттық операторына сілтеме жасап.

«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2022 жылдың 20 сәуірі сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін айта кетейік.

«Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — ұлттық оператор өкілдері.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫССЫЗДАР ТЕГІН ОҚЫТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ОБЕСПЕЧАТ СЕЛЬЧАН ВОДОЙ

admin_mugalzhar

ПОДВЕЛИ ИТОГО, ВРУЧИЛИ НАГРАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.