«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент: «Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды»

«Өңдеу өнеркәсібіндегі қосымша құн көлемі бес жылда 25 пайыздан астам өсті. Бұл – тау-кен саласынан едәуір жоғары көрсеткіш.

Соңғы жылдары негізгі капиталға тартылған инвестиция 70 пайызға көбейді.

Нақты сектордағы еңбек өнімділігі 40 пайызға артты.

Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды.

Тауарын шетелге өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе көбейді. Соның арқасында бүгінде өнімдеріміз 140 мемлекетке шығарылады. Қазақстан тауарлары әлемдік нарықтан өз орнын алып жатыр деп күмәнсіз айтуға болады. Осы орайда, шағын және орта бизнестің рөлі айрықша екені сөзсіз.

Жалпы, еліміздегі кәсіпкерліктің даму қарқыны – белсенді, бүгінде олардың экономикадағы үлесі 40 пайызға жетті.

Бес жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 есе артты, ал шығарылатын өнім көлемі 2,5 есе көбейді. Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы, яғни 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді».

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

МАЛ АЗЫҒЫ: ШАРУАЛАР ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙ ШЫҒА АЛАМА?

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге 28,2 млрд теңге бағытталады

admin_mugalzhar

Ақтөбе және Қостанай облыстарында шегірткеге қарсы күрес шаралары күшейтіледі

admin_mugalzhar