«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандық колледждерде сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Білім және ғылым министрлігі еліміздегі колледждерде сырттай оқуға арналған біліктілік тізімін айтарлықтай қысқартты. Енді студенттер 53 біліктілік бойынша білім ала алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, екі жылдан астам уақыт бұрын 595 біліктілік бойынша сырттай білім алуға болатын. Бірақ оқытудың бұл түрі студенттерге сапалы дағдыларды бермейтіндіктен, министрлік оларды қысқарту бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізді. Бұл жолы сырттай оқу «Құқық», «Білім беру», «Сервис, экономика және басқару» және басқа да кадрларды даярлау бейіндері бойынша алынып тасталды.

«Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлауға қойылатын талаптарды еңбек нарығы мен жұмыс берушілер белгілейді. Ол үшін біз сырттай оқу түрінен бас тартып жатырмыз. Сондай-ақ мұндай шешімді қабылдауға түлектердің оқуды бітіргеннен кейін алатын білім мен дағдыларының жеткіліксіз сапасы себеп болды. Колледждер студенттерге жұмыс орнында білім алуға мүмкіндік беретін ірі кәсіпорындармен және бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істейді. Яғни бұл оқытудың дуалды формасы. Бұл бүгіннің өзінде білім сапасына оң әсерін тигізіп келеді. Сырттай оқыту тізімінен талап етілмеген біліктіліктер, оның ішінде дайындық сәйкестігін ескере отырып, біреуіне біріктірілгендер алынып тасталды. Жалпы біз қысқарту жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз», — деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қант қоры үш айға жетеді

admin_mugalzhar

8342 ОҚУШЫ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚИДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе өңірінде жол салып жатқан мердігерлер облыс әкімінің сынына тағы ілікті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.