«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРІКТІ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНА ЖАҢА БАСШЫ, ЖАҢА МІНДЕТ

«Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Мұғалжар аудандық филиалына қоғам белсендісі, ерікті, аталған қоғамның мүшесі Әлия Умарова төрайым болып тағайындалды. Жаңа басшыны қоғамдық бірлестіктің мүшелеріне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Камшат Құрманалина таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Осы уақытқа дейін ерікті мүгедектер қоғамын басқарған Жанар Ешбаева жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Ол өз сөзінде қаладағы сауда орталықтарына қайырымдылық қоры үшін үш жәшіктің қойылғанын, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылардың арасында әлеуметтік акциялар мен қайырымдылық шараларының жасалғанын жеткізді. Сонымен бірге атаулы күндерде ерекше жандардың көңілін көтеру үшін мерекелік шаралардың да ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Ал ерікті мүгелектер қоғамының жаңа басшысы Әлия Аруенқызы алдағы уақытта қоғамның жұмысын жандандыру жолында, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғам өміріне тарту мақсатында жұмыстанатынын, жүйелі жоспарларының барын атап айтты.
Шара соңында Камшат Бақытжанқызы Жанар Ешбаеваның осы уақытқа дейін атқарған қызметі үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде сатушылар көлік бөлшектерін сататын базарды ашуды талап етті

admin_mugalzhar

Бала тууына байланысты берілетін төлемдерді тұрғылықты тіркеу орнынан тыс рәсімдеуге болады

admin_mugalzhar

МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.