«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨКТӨБЕДЕ ШАБЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

Аудан әкімі Асқар Шериязданов 12 үйі, 40 тұрғыны бар Көктөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуінде 18 шақырымдық «Ақкемер-Көтібар-Көктөбе» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Жөнделетін жолдың бойында кездесетін сайларға суағар құбырлары қойылатын болады. Себебі көктем мезгілінде ағын су өтетін сай-салалар тұрғындардың қатынауына қиындық келтіреді.

Сондай-ақ кездесуде ауыл тұрғындары ауыл аумағындағы мал шаруашылығына арналған жерлерді мақсатты пайдаланылуын көтерді. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы І. Ешниязов ауыл маңындағы шаруа қожалықтарының жайылымдық және шабындық жерлерін нақты белгілеп, реттелуін ұйымдастыратындығын хабарлды.

Көктемгі су тасқыны кезінде ауылды түнгі жарықпен қамтамасыз етіп отырған ауыл шетінде орналасқан электр желілерінің екі бағанасы қисайып қалған болатын. Бағаналарды қайта қалпына келтіріп, жарық шамдарын қарап беру жөнінде аудандық электр желілері торабының басшысы М. Жүсіповке тапсырма берілді. Бұл жұмыстар келесі аптада жүргізіліп, қалпына келтірілетін болады.

Сондай-ақ тұрғындар ауыл көшелеріне жарық шамдарын орнатып беруді сұрады. Ақкемер ауылдық округінің әкімі Д. Қожаниязов бұл мәселе жақын арада шешімін табатындығын жеткізді.

Аудан басшысы Жарық ауылына газдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін Көктөбе мен Көтібар ауылдарын газдандыру бойынша Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келіссөздер жүргізетіндігін мәлімдеді. Немесе Көктөбе ауылындағы 12 үйді газбен қамту бойынша газгольдер қондыру үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындайтын мамандарымен ақылдасатынын айтты.

Көктөбе ауылында медпункт жұмыс жасайды. Онда 1 медбике, 1 санитарлық қызметкер ауыл тұрғындарына тиісті медициналық қызметтерді көрсетіп келеді.

Ұқсас ақпараттар

ЖӘРДЕМАҚЫНЫ «ONLINE» РӘСІМДЕҢІЗ

admin_mugalzhar

Казахстан в рейтинге экономической свободы 2020 занял 39 место

admin_mugalzhar

Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.